Есепке сәйкес, ROG RTX 5090 бейнекартасында шамамен 5 кг алтын пайдаланылған, ал жалпы салмағы 7,2 кг-ды құрайды. Бұл тарихта жасалған ең қымбат әрі ең ауыр видеокарта болуы мүмкін. Әдетте RTX 5090-дың салмағы 2,5–3 кг аралығында болады, бірақ бұл нұсқада қаптамасы толығымен алтыннан жасалғандықтан, тек қана плата мен радиатордың өзі 5 кг тартады.
Егер кәдімгі RTX 5090 шамамен 2000 доллар тұрса, онда бұл жаңа нұсқаның бағасы — шамамен 250 есе қымбат. Ақылға қонымды адам мұндай бейнекартаны сатып алуды тіпті ойламас еді. Бұған дейін шыққан Dhahab нұсқасының өзі тым қымбат саналатын, ал ASUS енді күтпеген жерден нағыз алтынмен қапталған видеокарта ұсынды — бұл өте таңғаларлық жағдай. Бұл ақшаға тіпті Ferrari сатып алуға болады. Дегенмен, мұндай бейнекартамен не болатынын көре жатармыз.